Тасқыннан кейін Құлсарыда қанша үй салынып жатыр?

1713
Adyrna.kz Telegram
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жылыой ауданында 80 үйдің іргетасы құйылған. Қазір 29-ында қабырғалар тұрғызылып жатыр. Тасқыннан зардап шеккен құрылысты жандандыру үшін үй тұрғызу мен жөндеу жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Жергілікті биліктің мәліметінше, құрылысты 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 100 үй салу жоспарланған.

1 376 үй сатып алу көзделсе, бүгінде 1 341 баспана сатып алынды. Ал 1 198 үйді жөндеу көзделсе, қазір 1 174-інде жұмыстар аяқталды.

Пікірлер