Кәсіпкер құқын қорғау өзекті

5810
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау өзекті және мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер қолданылуда, оның ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі осы салаға бизнестің заңды мүдделерін қолдауға көптеген қызықты жаңалықтарды енгізді. Осы орайда БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Асылбек Дүйсеновті сөзге тартқан едік.

Асылбек Әбілқайырұлының айтуынша, кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыруға кәсіби емес көзқарас танытуының нәтижесінде азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кәсіпкердің өзіне ең үлкен қауіп төндіретін қылмыстық қудалау тәуекелі болып табылады, өйткені бұл жағдайда мүліктік құқықтардан басқа, кәсіпкердің еркін жүріп-тұру құқығы, жүзеге асыру құқығы сияқты мүліктік емес жеке құқықтары, кәсіби қызмет және тағы басқа да құқықтарына кері әсер етуі мүмкін.

  Қаржылық мониторингі органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкерлік субъектілерін тікелей қылмыстық процесте қорғау болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілері жасайтын қылмыстардың белгілі бір ерекшеліктерін ескере отырып, заңнамада оларға құқықтарды қорғаудың белгілі бір кепілдіктері қарастырылған. Сондықтан тергеушілер мен соттардың алдында кәсіпкерлік қызметті күрделендірмей, ұлттық бағыттағы бизнестің дамуына ықпал етіп, оны заңды сақтауға шақыру міндеті тұр. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі кәсіпкерлердің құқықтарын екі топқа бөлуге болады: қылмыстың құрбаны болған кәсіпкерлердің құқықтары және қылмыс жасады деп күдіктенген немесе айыпталған кәсіпкерлердің құқықтары. Қылмыстық-процестік кодексінің 65-бабының 5-бөлігінде бекітілген айыпталушы құқықтарының жиынтығынан басқа, кәсіпкерге Кодексте тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен және әдістермен өзін қорғау құқығы берілген. Сондай-ақ, қылмыстық процестің енгізілген үш буынды моделі прокурор шешімді бекіткенге дейін азаматтарды қылмыстық процеске тартуды болдырмады. Бұл модельдің артықшылығы елімізде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын, жоғары тұрған прокуратурамен шешімдерінің күшін жоюды азайту, сондай-ақ артық бюрократиялық кідірістерді болдырмау болды.  Электрондық келісім кезінде манипуляциялар барынша азайтылады, өйткені қабылданған негізгі шешімдерді түзету мүмкін емес, бұл бұрмалау мүмкіндігін де жояды, – дейді департамент басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі заңның үстемдігін, әділдікті және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететіні сөзсіз деп санаймыз. Осылайша, кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуға жол бермеу мақсатында Агенттік пен прокуратура органдары экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне қатаң бақылау жүргізеді. Бұл қылмыстық қудалау органдары қызметінің қылмыстық істерді негізсіз тіркеуге жол бермеуге, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыруға, тіркеу тәртібін нығайтуға және профилактикалық жұмысты жақсартуға бағытталғанын білдіреді.

Сала басшысының сөзінше, қазіргі уақытта Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің алдына қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру мақсатында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың санын арттыру міндеті тұр. Сондықтан азаматтармен тығыз қарым-қатынас қажет. Бүгінгі таңда Экономикалық тергеп-тексеру қызметі экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекет пен қалыпты кәсіпкерлікке экономикалық зиян келтірудің қасақана қылмыстық схемаларын жасаған адамдардың тарапынан болған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесуге көбірек бағытталған.

Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының сапасы артып, ал тіркелген қылмыстар саны азайып келеді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көлеңкелі экономиканы төмендетуде кәсіпкерлік субъектілері мен экономикалық тергеу қызметінің өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда мұндай өзара іс-қимыл негізінен бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қазақстандық бизнесті тарту басты міндеті болып табылатын «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылады.

  Біздің бірлескен қызметіміз кәсіпкерлердің құқығын қорғауға да, экономикалық қылмыстардың алдын алуға да бағытталған. Мұндай өзара іс-қимыл кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, жоғарыда атап өткендей бизнеске қысымды төмендетуге, тіркелген қылмыстық істердің санын азайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлерді қылмыстық процестің орбитасына тартпай, бюджетті толықтыруды арттыруға елеулі үлес қосады. Бұл да кәсіпкерлердің экономикалық тергеп-тексеру қызметіне деген жалпы көзқарасына оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Агенттіктің тапсырмасына сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында департаменттің бірінші басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі белгіленді. Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлескен профилактикалық жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері тіркелген жоқ. Біздің департаментіміздің қызметкерлері арасындағы келеңсіз мінез-құлықтарды жою және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі түрде құқықтық оқыту жүргізіліп, жеке құраммен жүргізген жеке түсіндіру жұмыстары бойынша басқарма басшыларының апта сайынғы есептері жүйелі түрде тыңдалып отырады, – дейді бұл турасында сала басшысы.

Дегенмен, қоғамда өзінің алған кірісін заңсыз көлеңкеге аудару мәселелерінің бар екендігін ұмытпауымыз керек және оны жою үшін қазақстандықтарды көлеңкелі көріністерге төзбеушілік рухында тәрбиелеу үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру қажет.

Қазіргі уақытта негізгі міндет – кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау емес, мемлекет экономикасының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бюджетке заңды төлемдерді өтеу, қызмет көрсету саласына жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт келді.

Пікірлер