Айкөркем ісі. Ақталған адам қайта сотталды

1927
Adyrna.kz Telegram

Әскери сот Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемнің өліміне кінәлі деп сотталған бұрынғы әскери қызметкер Арман Жұманның үкімін жойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп. 

«Әскери соттың сот алқасы ақтау үкімін бұзып, жаңа үкім шығарды. Ол Ж.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Апелляциялық үкім заңды күшіне енді», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

2022 жылдың 7 қаңтары кешке Арман Жұман бақылау-өткізу бекетінде болып, прокурордың айтуынша, қарамағындағы әскери қызметкерлерге Алматыдағы Тәуелсіздік алаңындағы бақылау-өткізу бекетіне жақындап келе жатқан көлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық берген. Оның ішінде төрт жасар Айкөркем Мелдехан, әкесі, ағасы және әпкесімен бірге болған.

Іс сотта «құпия» деген тақырыппен қаралды. Процесс көп уақытты алды:

  • 2023 жылғы қараша: Алматы гарнизонының әскери соты әскери қызметшіні ақтады;
  • 2024 жылдың наурызы: Судьялар алқасы үкімнің күшін жойып, жеті жылға бас бостандығынан айырды;
  • 2024 жылдың маусымы: Жоғарғы сот үкімді бұзады және оны жаңа сот талқылауы үшін апелляциялық сотқа жібереді.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді», - деп қорытындылап, сот үкімі шықты.

Пікірлер