«240 мың теңгеге дейін». 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

2019
Adyrna.kz Telegram
Фото: aptamedia.kz
Фото: aptamedia.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы бүгін, 1 шілдеде Ғылым және жоғары білім министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейінұлғаяды.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңгекөлемінде төленетін болады.

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға көбеймек.

Айта кетейік, президент тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі.

Пікірлер