Бір шинельден шыққан. Қазақстан әскерінің ертеңі Ресейге тәуелді ме?

2240
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі таңда еліміздің Қарулы күштері қарама-қайшы процестерді бастан өткеріп жатыр. Бір жағынан оны қайта құрып, модернизацияласа, ал екінші жағынан  қарусыздандыру бастамасы көтерілуде.

Бүгінде қорғаныс саласындағы шығындар айтарлықтай көп емес. Десе де, әскери техниканы жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарында еліміз әлі күнге дейін Ресейге тәуелді болып отыр. Осы туралы талдаған exclusive сайтының мақаласында әскердегі мәселенің мәнісі сөз болады.

Қазақстан әлем елдеріне қандай да бір аумақтық және саяси талаптар қоймайды. Сондықтан да ол халықаралық аренада бейбіт әрі соғысуды қаламайтын мемлекет деп сипатталады. Көршілеріміз Қазақстан туралы оң көзқараста. Бірақ ара-тұра солтүстіктегі кейбір саясаткердің еліміздің тарапына қоқан-лоқы жасап жатқаны жасырын емес. Бұл мәлімдемелерге Ресей мен Украина арасындағы күрделі жағдайға байланысты баса назар аударылмауда. Бірақ алдағы уақытта Ресейдегі саяси режим өзгермесе, ахуал толық өзгеруі мүмкін.

Біз кез келген сәтте сыртқы саяси жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін әлемде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті кейін күшті заманауи армия қажет болуы да ғажап емес. Бұл туралы «Қазақстанның әскери доктринасында» да айтылған.

Қарулы күштеріміздің жауынгерлік қабілеттілік деңгейін бағалау өте қиын. Себебі әділ баға нағыз ұрыс қимылдары кезінде ғана беріледі. Сандық деректермен ашық дереккөздер арқылы танысуға болады, алайда техникалардың қанша пайызы жарамды екені бізге беймәлім болып қала береді.

Мәселен, Лондон халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының деректерінде Қазақстан әскерінің ескі кеңестік танктің жаңғыртылған нұсқасы – Т-72БА-мен қаруланғаны айтылады. Олардың нақты саны да келтірілген. Алайда сапалық сипаттамалары, яғни қазіргі заманғы соғыс талаптарына қаншалықты сәйкес келетіндігі белгісіз болып отыр.

ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ

2012 жылы Қазақстанда Қарулы күштерді қайта құру және жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Әскерге шақырылушылар үшін қызмет мерзімі 2 жылдан бір жылға дейін қысқартылды, бұл Құрлық әскерлері санының 30 мың адамнан 20 мың адамға дейін төмендеуіне әкелді. Тиісінше құрылым өзгертілді.

Құрлық әскерлері құрылымындағы өзгерістер.  Дереккөз: The Military balance.

2011

2012

2023

Механикаландырылған бригадалар

10

4

2

Танк бригадалары

0

1

2

Шабуыл бригадалары

0

0

1

Әуе шабуыл бригадалары

4

4

4

Теңіз бригадасы

1

1

1

Бітімгершілік бригадалары

1

0

1 (полк)

Артиллериялық бригадалар

7

3

3

Танкіге қарсы бригадалар

2

0

0

Реактивті артиллериялық ұрыс бригадалары

2

0

0

Зымыран полкі

1

1

1

Әскери-инженерлік бригадалар

3

3

3

Жаңа құрылым әскери техника санының өзгеруіне де әсер етті.

2011

2012

2023

Негізгі жауынгерлік танктер (Т-72/Т72 БА)

980

300

350

Жауынгерлік барлау және патрульдік көліктер (Брондалған барлау-шолғыншы машиналары)

280

100

100

Жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналары (БМП)

1520

602

413

Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар (САУ)

246

246

126

Тіркеме артиллерия

670

150

194

Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары

348

118

104

Орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар қондырғылары

12

12

12

Әскери техниканың не себепті бұлай қысқарғаны белгісіз. Бәлкім, олардың ескілері есептен шығарылған шығар.

2014 жылға дейін The Military Balance-те негізгі жауынгерлік танк ретінде Т-72, 2015 жылдан бастап Т – 72 БА көрсетілген. Бұл ақпаратқа қарап, қаруланған танктер модернизациядан өтті деп болжауға болады.  2011 жылы Петропавл ауыр машина жасау зауытында израильдік лицензия бойынша шығарылған 122 мм калибрлі  «Семсер» отандық өздігінен жүретін зеңбірек пайдалануға берілді. 2016 жылдан бастап әскерге қазақстандық «Арлан» броньды автомобильдері қойылды. Одан бөлек, Түркия, Израиль және Канадада өндірілген броньды автомобильдер де қолданысқа берілді.

2012 жылы әскери-теңіз флотында Орал қаласындағы «Зенит» зауытында құрастырылған «0250 Барыс» жобасының шағын зымыран кемелері, 2017 жылы Санкт-Петербургте жасалған «Алатау» рейдтік мина тасығышкемесі пайдалануға берілді. 2023 жылы Франция теңіз миналарымен күресу үшін су астындағы роботтарды жеткізді. Әскери-әуе күштерінде жауынгерлік ұшақтар санының айтарлықтай төмендеуі байқалды.

Әскери-әуе күштеріндегі жауынгерлік ұшақтар санының өзгеруі. Дереккөз: The Military balance

2011

2012

2023

Жауынгерлер

97

56

0

Көп мақсатты жауынгерлер

39

53

47

Шабуылдаушылар

14

14

14

Оның нақты себебі айтылмады.

2016 жылы қытайлық Wing Loong ұшқышсыз ұшатын аппараттары (BRAVs) пайдалануға берілді. Қазір олардың екеуі Әскери-әуе күштерінің иелігінде жүр. Былтырдан бері Түркияда жасалған Anka-S ұшқышсыз ұшақтары сынақтан өтіп жатыр. Оларды өндіруші Türk Havacılık ve Uzay Sanayii (TUSAŞ) түрік компаниясы Қазақстанда зауыт салуды жоспарлап отыр.

Соққы беретін Ми-24 және Ми-35 тікұшақтары Ресейде жасалған. Тікұшақтардың арасында америкалық Bell 205 және еуропалық H145 те бар.

ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ РЕСЕЙГЕ ТӘУЕЛДІ

Төмендегі кестеде 2023 жылы Қазақстан Қарулы күштерінде қызмет ететін ресейлік (кеңестік) әскери техниканың үлесі туралы деректер келтірілген.

                                                            Ресейдің үлесі

Негізгі жауынгерлік танктер                                100%

Жауынгерлік барлау және патрульдік көліктер 100%

Жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналары     100%

Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар 95,20%

Тіркеме артиллерия                                               100%

Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары     82,70%

Басқарылатын жауынгерлік ұшақ                         100%

Шабуыл тікұшақтары                                             100%

Әуе қорғанысы                                                        100%

Бронды техника бойынша ғана Ресейге тәуелділік жоқ.

Елімізде «Қазақстан Инжиниринг» компаниясы құрамына кіретін жеке қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Бірақ Қазақстанның әскери техникаға толыққанды қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің қаншалықты жақсы екені белгісіз. Зауыттар материалдардың едәуір бөлігін Ресейден алады деген болжам бар. Соғыс жағдайында бұл ел Қазақстанды жауынгерлік жаттығуларға қажетті барлық әскери техникамен қамтамасыз ете алмайды. Егер бұл пікір дұрыс болса, онда қазақстандық Қарулы күштерде елеулі мәселелер бар екені сөзсіз.  Елімізге отандық қорғаныс өнеркәсібін дамыту қажет. Бәлкім,  Қазақстанға өз танктері мен ұшақтарын шығарудың қажеті жоқ шығар, бірақ әскери техникаға қызмет көрсету, жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін материалдарды өз елінде жасау маңызды.

ӘСКЕРИ БЮДЖЕТ

Биылғы Қазақстанның әскери бюджеті 1,3 трлн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға өскен. Қаржы министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2020 жылдан бастап қорғанысқа жұмсалатын шығындар саны артқан.  2022 жылы елдегі Қаңтар оқиғаларынан кейін және әлемдегі геосаяси шиеленіс кезеңі басталған тұста бірден 49,4%-ға өсу байқалды.  Сол жылы әскери бюджет алғаш рет 1 триллион теңгеден асты.

Өткен жылы мемлекеттік қазынаның қорғанысқа жұмсалған шығыстарының негізгі бөлігі — 94,1 пайызы республикалық бюджеттен, ал аз ғана бөлігі жергілікті бюджеттен түскен.

1,1 триллион теңгенің тек жартысы ғана тікелей Қарулы күштердің жауынгерлік жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Прогрессивті динамикаға қарамастан, Қазақстандағы әскери шығындардың ұлғаюы жалпы ішкі өнімнің өсуімен сәйкес келмейді. Қорғаныс шығындарының жалпы ішкі өнімдегі үлесі төртінші жыл қатарынан төмендеді. Стокгольмдегі SIPRI халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының мәліметі бойынша, 2019 жылы Қазақстанда бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің кем дегенде 1 пайызынан асты, ал 2023 жылдың соңында қорғаныс шығындары ақшалай есептегенде небәрі 0,48 пайызды құрады. Бұл дамыған Еуропа елдерімен салыстырғанда өте төмен көрсеткіш болып есептеледі. ЕО мемлекеттері қорғаныс шығындарының деңгейін ЖІӨ-нің 1,8%-дан 2,5%-ға дейін сақтайды. Алайда соңғы бес жылда бұл көрсеткіш жылдан-жылға аз ғана өзгерді.

2023 жылы Қазақстан халқына жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев армияның жоғары технологиялық қару-жарақпен қамтамасыз етілуі керек екенін баса айтқан еді.

«Біздің армия жоғары технологиялық қару-жарақ және әскери техникамен, соның ішінде бронды техника, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруларымен қамтамасыз етілуге тиіс. Техниканы жедел жөндеу бойынша өндірістік қуаттылықты нығайтып, отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту керек», - деген президент.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдың желтоқсан Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылды. Алайда оның осы аса күрделі де маңызды мәселені шешуге қаншалықты қабілетті екенін айту әзірге қиын болып отыр.

Пікірлер