Қырғызстанда сел салдарынан көз жұмғандар саны артуда

1349
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда сел салдарынан көз жұмғандардың саны сегізге жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 29 маусым күні Ош облысының Ноокат ауданында сел алып кеткен тағы бір әйелдің денесін тапты. Марқұмның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Селден көз жұмғандардың басым көпшілігі - жасөспірімдер. Қаза тапқандар арасында екі әйел де бар.

"Қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатыр", – деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Пікірлер