Ақтауда полицейге ұқсас екі азаматтың ер адамды аяусыз соққыға жыққан бейнесі тарады (ВИДЕО)

1877
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда полицейге ұқсас екі азаматтың ер адамды соққыға жығып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Egov Press Telegram арнасына сілтеп. 

«Біз Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан Ақтау қаласының полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беруін сұраймыз. Ұсталған адамды қасақана ұрып-соғу – қылмыстық құқық бұзушылық», - делінген Telegram арнасының сенбі күні таратқан хабарламасында.

Ішкі істер министрлігі аталған видеоны тексеруге уәде берді.

Пікірлер