Назарбаевтан соң Назарбаеваның да кітап шығарғаны фейк болып шықты

835
Adyrna.kz Telegram

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның "ел дамуына қосқан үлесін" баяндайтын кітап жарыққа шыққаны туралы ақпарат тарады. Бірақ бұл деректің жалған екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

KAZAKH_INFORMтелеграм арнасында Дариға Назарбаеваның "Мои заслуги перед Народом" атты кітабы Меломан кітап дүкендерінде сатылымға шыққаны туралы ақпарат тарады. Желіде бұл кітаптың жабық тұсаукесері өтіп, сатылымы тоқтатылғаны туралы да деректер пайда болған.

Алайда Orda.kz хабарлауынша, желіде желдей ескен ақпарат жалған.

«Меломан» кітап дүкендер желісі мұндай атаудағы кітаптың түспегенін және ешқандай сатылымға шықпағанын хабарлады.

«Жақында әлеуметтік желілерде «Менің халыққа қызметім» кітабының сатылуы туралы хабарламалар пайда болды. Мұндай кітап ешқашан біздің веб-сайтта немесе Marwin не «Меломан» дүкендерінде болмаған. Біздің білуімізше, мұндай кітап әлі жоқ. Біз мемдер мен әзілдердің болғанына қуаныштымыз. Бұл біздің қоғаммен бірге өмір сүріп, тыныс алатынымызды көрсетеді», - деп хабарлады дүкендер желісінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шыққаны ресми хабарланған болатын. Экс-президенттің кітабы “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” деп аталады.

Пікірлер