Шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке көлік сыйға тартылды (ВИДЕО)

750
Adyrna.kz Telegram

20 маусым күні Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды. Доданың жабылу салтанатында Қазақстан шахмат федерациясы Қазыбек Нөгербекке электрокар сыйлады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Көлік кілтін ұйымның президенті Тимур Турлов табыстады.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанған еді.

Қазыбек Нөгербек классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501 ұпай.

Үндістандағы тарихи жеңісінен кейін шахматшы әлем кубогына жолдама алды.

<

Пікірлер