Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
20 жастағы спортшы FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 жасөспірімдер әлем чемпионатында топ жарды. Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті.
Айта кетейік, әлем біріншілігінде 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шеберлер бақ сынады.
Қазыбек Нөгербек — шахматтан Қазақстан құрамасының мүшесі, KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының грант иегері.
<