Бишімбаевтың анасы іс кезінде жасырған компанияларын қайтарып алған

1710
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаевтың анасы сот кезінде бас тартқан компанияларын қайтарып алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова компанияларын өзіне қайтара бастаған.

Редакция мәліметінше, реестрлердегі мәліметтерде 71 жастағы Әлмира Нұрлыбекова қайтадан Sapa Logistics компаниясының иелерінің бірі атанған. Ол 2020 жылдан бері ЖШС құрылтайшылар құрамында болған.

Бірақ, 2024 жылы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс тергелгенде компаниядағы үлесін туысы Қарлығаш Әділоваға жазып берген көрінеді.

Ресми түрде Sapa Logistics - Бишімбаевтарға тиесілі ең ірі компания. Одан бөлек, 14 наурызда Бишімбаевтың анасы Ezy Park ЖШС құрылтайшылар тізімінен шығып кеткен. Салтанат Нүкенова мерт болған BAU мейрамханасы осы компанияға да тиесілі.

Пікірлер