Тоқаев комаға түскен сарбаздың ісін мұқият тергеуді тапсырды

1243
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысып, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге барған 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның жансақтау бөлімінде жатқанын алғаш болып “Адырна” ұлттық порталына сарбаздың анасы  мәлімдеген еді.

Анасының айтуынша, ұлының кіші сержант ұрған болуы мүмкін. Ал әскерилер Нұржігітке «ешкім тиіспегенін» айтқан. Кейін Нұржігіттің әкесі видео жариялап, мән-жайды түсіндірген болатын.

Пікірлер