“Кім таяқ жемей жатыр?” Меломен әншісі сөзі үшін кешірім сұрады

2171
Adyrna.kz Telegram

Жігіттерден құралған "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов желідегі парақшасында халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өнер иесі бірнеше күн бұрын өз сөзінде "кім таяқ жемей жатыр" деген болатын. Артынша әнші әлеуметтік желідегі жазбасында бұл сөзі үшін ақталып, халықтан кешірім сұрады.

“Көпшілігі менің сөзіме наразы болып, "өзіңіз де әйеліңізді ұрасыз ба" деп жатыр. Жоқ, құрметті достар. Ойланып қарасақ, мен дұрыс жеткізбеген шығармын. Алайда бұл сөз зорлық-зомбылықты қолдаймын деген сөз емес. Әпкем-қарындасым бар, әйелім, тәп-тәтті қызым бар. Мен бұл нәрсені ешкімге қаламаймын. Сондықтан ер-азамат ретінде хақыларыңызға өтіп кетсем, бұл сөз арқылы кешірім сұраймын. Қоғамда бәрі ұрыс-керістен ажырасып жатыр. Сондай мағынада бұл сөзді айтқан едім", - деді ол.

Пікірлер