Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу ниетін растады

1340
Adyrna.kz Telegram

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығу ниетін растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеп.

«Біз шығамыз, мені осымен қорқытасыздар ба? Бізде бәрі жақсы, кеткенде шешеміз. Келесі қадам қандай деп ойлайсыз, қайтып ораламыз ба? Уайымдамаңыздар», - деді Пашинян сәрсенбі күні Армения парламентінің отырысында оппозициялық депутаттың ҰҚШҰ-дан шығу қажеттілігі туралы сөзіне жауап беріп.

Бұл мәлімдеме премьер-министр ҰҚШҰ құрушыларын Арменияға қарсы соғыс жоспарлап отыр деп айыптағаннан кейін айтылды.

«Осының барлығына альянсты құрғандар, бізге және Әзірбайжанға қарсы соғысты жоспарлағандар кінәлі», - деді Пашинян.

Еске салайық, ақпан айында Пашинян француз телеарнасына берген сұхбатында Арменияның ҰҚШҰ мүшелігін тоқтатқанын айтқан болатын.

Пікірлер