E-Petition.kz порталындағы ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сайтта жарияланған "Біз Қазақстан Республикасындағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз" петициясына 50 мың қол жиналды. Енді бұл өтініш үкіметте қаралады.
"Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады.Өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады. Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады", – деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
Олар өтінішті қарау процесі заң талаптарына сай өтетінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Депутаттар журналистерге ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды ұсынған еді.