Оралда бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен азамат өлі күйінде табылды

1164
Adyrna.kz Telegram

27 маусымда жоғалып кеткен Орал қаласының тұрғыны Жеткерген Жамбыловтың өлі денесі табылды. Полицейлердің мәліметінше, 21 жастағы жігітті бәз біреулер өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Айтуларынша, жас жігіт «Строитель» шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған. Жігіттің туыстары полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастады, бірақ Жеткергенді тірідей таба алмады.

«Адам өлтірді» деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер