ОҢҒАР ҚАБДЕН: Мопед тепкен оқушы. Қазіргі балалар уақыттың алдына түсіп алған жоқ па?

1274
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Қаланы қойып, ауылдарда мопед тепкен оқушы балалар қаптап кетіпті. Оқушы болғанда да 10-11 сыныптың оқушылары емес, 6-7 оқитын балалар. Алды құлап, ауруханаға түсіп жатыр. Ата-анасы ананың баласында бар, менде неге жоқ деп жылағаннан кейін еріксіз алып береміз дейді.
Біз 6-7 оқығанда мопед теппек түгілі оның не екенін де білмедік қой. Қазіргі балалар уақыттың алдына түсіп алған жоқ па?
Р.S. Кеше Павлодарда бір мопедке мінгескен екі оқушы бала Камазға соғылып, екеуі де қайтыс болды...

 

Пікірлер