Ресейде трамвайлар соқтығысып, бір адам қаза тауып, 90-нан астамы жарақат алды

1209
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Бүгін, 6 маусымда Ресейдің Кемерово облысында  екі трамвай соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың бірінің тежегіші істен шыққан. Бұл туралы қала мэрі Дмитрий Анисимов өзінің Telegram-арнасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, вагондардың бірі тізгінге ие бола алмай, рельс бойымен қатты жылдамдықпен жүйіткіп, бірнеше жолаушы салоннан шығып құлап кеткен. Көлік жылдамдықпен келе жатқан трамвайдың артқы жағына соғылған. Жүргізуші қатты соққыдан ішке қысылып қалды.

Оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, 90-нан астам адам зардап шекті, оның жетеуі балалар.

Дмитрий АнисимовКемероводағы оқиғаға байланысты жағдайды толық бақылауда ұстайтын жедел штаб құрылғанын атап өтті.

“Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Кемерово облысы бойынша тергеу басқармасы 6 маусым күні таңертең Кемероводағы Логовая тас жолында жолаушылар болған екі трамвай соқтығысты деп хабарлады. Олардың бірі тізгінге ие бола алмай, көлікті жүргізіп келе жатқан адамдар көлік доңғалақтарының астына құлап кеткен. Оқиға салдарынан бастапқыда 30-ға жуық адам зардап шекті. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды”, делінген хабарламада. 

Пікірлер