Гөкер Көсе Алматы әуежайының жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ (ХАА) баспасөз қызметіне сілтеп.
«Гөкер Косе ХАӘ-ның жаңа президенті болып тағайындалды», - делінген сәрсенбі күнгі мәлімдемеде.
Гөкер Көсе 2005 жылы TAV Airports холдингіне жұмысқа орналасты, 2006 жылы Косе TAV Airports холдингінің қаржы және стратегия бөліміне шақырылды. 2017 жылы Кауз Groupe ADP-де Инвестициялар және қаржылық жоспарлау жөніндегі директор қызметін атқарды, онда Париждегі Шарль де Голль және Орли әуежайларының инвестициялық жобаларын басқарды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін түрік менеджері Альп Ер Тунга Эрсойдың Алматы әуежайының басшысы қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.