Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстаннан ЖСН алған

1523
Adyrna.kz Telegram

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Настоящее время» басылымына сілтеп.

Дмитрий Песковтың қызы Елизавета ЖСН-ге ие болды.

«Ресей президентінің баспасөз хатшысының қызының аты-жөні Елизавета Пескова Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алды; туған күндері де сәйкес келеді», - деп жазылған басылым мәліметінде.

Мәліметтер Қазақстанның Ұлттық куәландыру орталығының онлайн реестрінен және басқа да деректер базаларынан табылған.

Ресейлік БАҚ Елизавета Пескованың 2022 жылдың қыркүйегіне дейін ЖСН алғанын айтады. Оған дәлел ЖСН Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілген. Бас қала Нұр-Сұлтан атауынан Астанаға 2022 жылы қыркүйегінде өзгертілген.

Айта кетейік, Владимир Путиннің баспасөз хатшысының қызы 2022 жылдың наурызында АҚШ-тың, бірнеше айдан кейін Еуропалық Одақ санкцияларына ұшыраған.

Басылым ақпаратынша, Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан кейін ресейліктер жергілікті банктерде шот ашу және Visa мен Mastercard қойған шектеулерді айналып өту үшін Қазақстан Республикасында жаппай ЖСН-ге өтінім бере бастаған.

Пікірлер