Өзбекстан басшысы экс-президент Назарбаевты туған күнімен құттықтады

1349
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстанның бұрынғы президентін Өзбекстан басшысы құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті.
"Өзбекстан басшысы Қазақстанның тұңғыш президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі", - делінген хабарламада.
6 шілде күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 84 жасқа толды.
ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Қазақстандық БАҚ беттерінде саяси тұлғаға Өзбекстан президентінің құттықтауынан өзге ресми құттықтаулар түспегені айтылды.
Пікірлер