Қызылордада әріптесін өлтірді деген күдікпен мектеп мұғалімі ұсталды

1100
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада дене шынықтыру пәні мұғалімін өлтірді деген күдікпен сол мектептің ұстазы ұсталды. Ақпаратты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Желіде Қызылордада қала мектептерінің бірінің мұғалімі өз әріптесі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, 2 маусымға қараған түні екі азамат ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Мертіккен 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды. Белгілісі екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.

Полиция бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындады.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда, күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді» деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, екі мектеп қызметкері де 31 мамырда еңбек демалысына шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Пікірлер