Президент Римге барған іс-сапарын еске алып, Италия халқын мерекемен құттықтады

1065
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Италия халқын ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгін Италияда Республика күні тойланып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелланы және халқын мерекемен құттықтады.

"Бүгінде Италия саяси-экономикалық іргесі берік, халқының әл-ауқаты жоғары және жаһандық саясатта беделі бекем әрі ықпалды мемлекет саналады. Бұл тұрғыда, еліңіз биыл «G7» дамыған елдер тобында белсенді жетекшілік етіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қомақты үлес қосып отыр. Қазақстан мен Италия арасында орнаған стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызға ие екенін атап өткім келеді. Ықпалдастығымыздың қарқынын нығайтып, әлеуеті мол серіктестігіміздің жаңа қырларын ашқан Римге ресми сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын", – деп жазылған жеделхатта.

Пікірлер