Қазақстан Тәжікстанмен валюталық келісімді тоқтатты

1424
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлттық Банк
Фото: Ұлттық Банк

Қазақстан Тәжікстанмен валюталық келісім тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, екі жақты келісім 1999 жылдың 16 желтоқсанынан бері жалғасып келеді. Алайда 25 жылдан кейін келісім тоқтатылған. Құжат өзектілігін жоғалтып, соның ішінде Тәжікстандағы ұлттық валютаның бірнеше жылдар бойы өзгеруіне байланысты екені белгілі болды.

«Мемлекеттерде тиісті нормативтік-құқықтық базаның құрылуына байланысты бүгінгі күні халықаралық шарттың ережелері, оның ішінде шарттың өзінде көзделген Тәжікстанның ақша бірлігінің атауы – тәжік рублі өзектілігін жоғалтты», - делінген Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарламасында.

ҚР СІМ келісімнің тоқтауына қатысты пікір білдірді.

«Қазақстан үкіметі Қазақстан үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі мен Тәжікстан Ұлттық банкі арасындағы Қазақстан теңгесінің айырбас бағамын өзара айырбастауды және тұрақтандыруды қамтамасыз ету шаралары туралы келісімді денонсациялады (келісімнен ресми түрде бас тартты)», - делінген СІМ жауабында.

Келісім бойынша тараптардың барлық міндеттемелері орындалған. Айырбастау және айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелері «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңмен реттеледі.

Пікірлер