ТОРТУЫЛ ШОҚАН: Балаларға дін үйреткеніміз қаншалықты дұрыс?

2564
Adyrna.kz Telegram
Фото: kris.p.taraz
Фото: kris.p.taraz

Сопылық философияны өзі меңгеріп болмаған, айтқаны әңгімесі түсініксіз, бала тұрмақ— ересектің өзін «жынды» қылған Санжар Керімбай енді Астана және Орал қалаларында— «балалардың қаңыраған көкірегін—тәңірлік құндылық пен көмкеретін» лагерьлер ашып—дәріс бермек.

«Дімкәс оқу жүйесі мен, мүгедек оқулық пен мұғалім не істей алады?» депті өзінің лагерьлерге шақырған жарнамасы астында.

Қысқасы, «олқы - солқы оқулықтар мен амалсыз сүйретіліп жүрген баланы..» біржақты етем депті.

Оқушыға 3 ай демалыс миын сергіту үшін беріледі.

Баланың бұл уақытын енді басқаға емес, пәлсапашы Санжарға тапсырсаң, баланың миын каша қылары анық.

Сосын, жазғы лагерьді ұйымдастыруда ҚР БМ бағдарламасы бекітілген.

Ал, мұны өткізбек ұйымның лицензия-рұқсаты болуы тиіс.

 

 

Пікірлер