Қостанай - Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды

733
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Қостанай – Алматы бағытында ұшып шыққан FlyArystan әуекомпаниясының рейсі бортында ер адам қаза тапты. Бұл туралы "Костанайские новости" басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, әуекомпания Қостанай-Алматы бағытындағы KS7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлағанын хабарлаған. Осыған байланысты ұшақ Астанаға шұғыл қонған.

«Бортсеріктер жолаушының тамыр соғысы мен тыныс алуын тексерген, бірақ тіршілік белгісін таппаған. Нұсқауларға сәйкес экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастап, бортта дәрігер іздеуге кірісті. Содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған

Командирдің шешімі бойынша, жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуекомпаниясының бортсеріктері әуежайға келгенше жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуекомпаниясы жолаушының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген әуекомпаниясының хабарламасында.

Пікірлер