Отарда мерзімді әскери қызмет атқарып жүріп комаға түскен сарбаз оянды

2969
Adyrna.kz Telegram

Отарда мерзімді әскери қызмет атқарып жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз оянды. Бұл туралы әлеуметтік желіге өгей әкесі Тимур Жаналин айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол қиын кезеңде қолдау көрсеткен дәрігерлерге мен отандастарына алғысын білдірді.

”Біздің ұлымыз комадан шықты! Қазір дәрігерлердің айтуынша, ол саңырау күйде. Бұрын жүргізілген трахеостомияға байланысты ол әлі сөйлей алмай жатыр, бірақ бізді таныды. Жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында оны уақытша эвтанизациялау керек, ол өзіне зиян келтірмеуі және жабдыққа зақым келтірмеуі үшін дәрі-дәрмекпен седация жасалуы тиіс. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бұл үшін оларға ерекше алғыс айтылды”, — деді Тимур Жаналин.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданында қызмет өткеріп жатқан мерзімді әскери қызметтегі сарбаз ауруханаға түскенін “Адырна” ұлттық порталына анасы хабарланғанын жариялаған едік. Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы сарбаздың өте ауыр жағдайда екенін хабарлаған.

 

Пікірлер