Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырнa” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сүйенсек, 34 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы інісі 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні хабарлаған. Ер адамның денесі бір айдан кейін дәл сол жерден табылған.
«12 мамырда сүңгуірлер ер адамның зақымданбаған мәйітін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – делінген хабарламада.