Жыртқыштан төнген қауіп: Шығыс Қазақстанда қасқырлар жеке үйге шапқан

872
Adyrna.kz Telegram
Фото: vsegda-pomnim.com
Фото: vsegda-pomnim.com

Шығыс Қазақстанда қасқырлар жеке үйлерге шабуылдап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға Алтай ауданына қарасты Быково ауылында болған. Жергілікті әкімдік бұл жағдайдың 28 сәуірде болғанын айтады. Түз тағысы есігі ашық тұрған үйге шабуыл жасаған.

"Үй иесі оны қуып шығуға әрекеттенген. Алайда қасқыр үй аумағында жұмыс істеп жүрген адамды тістеп, кейінірек ауыл тұрғындарының екі итін өлтіріп, қашып кеткен. Быково ауылының тұрғындары өз бетінше жиналып, қасқырдың ізіне түсіп, көзін жойды", - дейді Алтай ауданының әкімдігі.

Қазір мектепке шалғайдан келетін 10 оқушы қасқырдан төнген қауіпке байланысты қашықтан оқу форматына көшкен. Ал қалған балалар мектеп қабырғасында оқып жатқаны анықталды.

Пікірлер