Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғауға басымдық беріледі

869
Adyrna.kz Telegram

Өткен екі жылда тұтынушылар тарапынан 4000-нан астам шағым түскен.  Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовская айтты.

Тұтынушылардың құқығын қорғауға жауапты тұлға  азааттар көп жағдайда сауда, денсаулық сақтау, тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс салаларындағы қызметтердің сапасына қанағаттанбайтынын ашып айтты.

Ол азаматтардың шағымдануының негізгі себептері ретінде сапасыз тауарлардың сатылуы, тауарлардағы баға белгілерінің болмауы және дұрыс еместігі, интернет-дүкендерден ақшаны уақтылы қайтарылмау сынды мәселелер  екенін атап өтті.

Тұтынушылардың шағымдары келесі салаларға бағытталған:

- сапасыз тауарларды / техниканы сату - 32,6%;

- белгіленген мерзімде қызмет көрсету/жұмыстарды орындау шартын орындамау-12,2%;

- абоненттік байланыс қызметтеріне-7,3%;

- білім беру курстарына-7,3%;

- әуе қызметтеріне-2%;

- тұтынушылық дауларды қараудың сотқа дейінгі тәртібін бұзу-4%;

- сатушының айырбастау/қайтару міндетін орындамауы-15,5%;

- электрондық сауда саласындағы бұзушылықтар-14,7%.

Светлана Романовская халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын қолданыстағы ұлттық стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыс жалғасын табуы керек деген пайымда.

  «Тұтынушылар лигасының негізгі мақсаты – саналы таңдау жасайтын адамның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Бұл реттегі шаралар жүйелі түрде іске асады. Алматылық тұрғындарда аталмыш жұмыс шеңберінде қамтылатын болады», - деп атап өтті С.Романовская.

Пікірлер