Совет режимінің сойылын соққан сыршыл ақын

8135
Adyrna.kz Telegram
Фото: zharar.com
Фото: zharar.com

Бүгін - әдебиет майталманы, ақын Әбділда Тәжібаевтың туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақ ақыны, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым 1909 жылы Сыр өңірінде өмірге келген.

Әбділда Тәжібаев анасынан білім алып, сауатын ашқан. Кейіннен өлеңге, әдебиетке деген құштарлығы да нағашыларында жүріп, байқалған.

Жазушылар одағының мүшесі 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатта білім алып, сауаттылығының арқасында бастауыш мектептің 3-сыныбына ауысып кетеді.

Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады.

Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" газетінде алдымен пошта тасушы болып бастап, содан кейін корректор болып жұмыс істеген. Кейіннен "Лениншіл жас" газеті редакторының орынбасары болды. Әбділда Тәжібаевтың баспа бетіндегі тұңғыш туындысы - "Жұмысшының гудогі" өлеңі. Ол 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылды.

Ақынның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич» т. б. пьесалары сахналарда қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» зерттеу еңбектері оқылды. Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген ақын.

Бір қызығы - өткен ғасырдың отызыншы жылдарғы қуғын-сүргін кезінде совет режимінің респрессиялық науқанында Тәжібаевтың да аты аталады. Сол кезде режим сөзін сөйлеген ақын кейін "ақтаңдақтар" халқымен қауышқанда, бір кезде қуғындалған қаламгерлердің кітабына алғыс сөз жазды.

Пікірлер