Ресейлік тарихшы, Кремль саясатының үгіт-насихатшысы Михаил Смолин «Место встречи» ток-шоуында 1917 жылғы революцияға дейін қазақтар да, өзбектер де ұлт ретінде болмағанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы НТВ арнасындағы бағдарламада мәлімдеді.
Тарихшы 1917 жылғы революцияға дейін қазақтар мен өзбектердің «мүлдем» болмағанын айтты.
"Қазақстан қалай пайда болды? Расында, алғашында РСФСР құрамында Казакы ССР деп аталды, қазақтар мүлдем болмаған. Одан кейін Казакы ССР ішінен Қырғыз АСР құрылып, РСФСР құрамынан бөлініп шықты. Онда ұлттардың құрылуы туралы шешімдер осылайша волютаристік түрде қабылданған. Мысалы, өзбектер революцияға дейін болмаған, тіпті ондай этникалық атау болмаған. Соны алып, бірнеше Орталық Азия халықтарынан өзбектерді құрап шығарды», - деді Смолин.
Бұған дейін, Ресейлік тележүргізуші әрі продюсер Тина Канделаки де Қазақстандағы теміржол вокзалдарының атауын өзгертуді сынап, елде орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстыру баяу, бірақ сенімді түрде жалғасып жатқанын айтты. Бұдан кейін қазақстандық журналист Динара Сәтжан арандатушылық мәлімдемеге жауап беріп, «өз дегенімен басқа біреудің "хандығына" араласпау керектігін» атап өтті.
Осыдан кейін Канделаки тағы үнсіз қалмай, қазақ халқына Ресейдің Қаңтар оқиғасы кезіндегі көмегін еске салды. Айта кету керек, енді оған Қазақстанға кіруге тыйым салынбақ.
Видео: Ресейлік тарихшы Михаил Смолиннің дегендерін 42 минуттан әрі көруге болады