“Жамбыл Жабаев Сталиннің туфлиін махаббатпен жалаған” - Мұхтар Шаханов

4285
Adyrna.kz Telegram

Желіде Нартай Аралбайұлының ақын Мұхтар Шахановтан алған сұхбатының үзіндісі талқыға түсті, деп жазады "Адырна" тілшісі. Бейнеде Шаханов Жамбыл Жабаевқа қатысты өз шындығын айтты. 

Жамбыл Жабаевқа қатысты қатты айтқан пікіріңізге өкінбейсіз бе деген журналистің сұрағына, Шаханов еш өкінбейтінін, бұл нағыз шындық екенін мәлімдеді.

"Жамбылдың туған жерінде менімен кездесу болған болатын. Жамбылдың немерелерін, шөберелерін, шөпшектерін таныстырды. Бір кезде бір әйел шығып, "Мұхтар аға, сіз шыншыл ақынсыз ғой, сіз Жамбылға қалай қарайсыз" деді. Мен Жамбылға өте үлкен құрметпен қараймын дедім. Құрметпен қарайтын себебім, Жамбыл Сталиннің туфлиін керемет шеберлікпен жалаған, қыртыс-қыртысына дейін жалаған дедім. Сондықтан туфли жалау жағынан Жамбыл бірінші орын алды дедім. 99 жасқа келгенінде туфли жалаудан майталман шебер екенін көрсетті деп едім Жамбылдың ұрпақтары бастарын төмен салып отырып қалды. Сол кезде бүкіл ел орнынан  тұрып қол соқты. Шындық биігінен көрініңіздер дедім жұртқа" деп баяндады әңгімесін Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Шаханов.

Желіде тараған видео пікіріне көпшілік Шахановтың айтқанына наразылығын жазды. Енді бірі ақынды шындық жаршысы деп сөзіне сенсе, енді бірі "Мұхтар ағадан мұндай күтпедік" деп ой бөлісуде.

 

Пікірлер