Батыс Қазақстанда Ұлы Отан Соғысының ардагерлері референдумда дауыс берді

8224
Adyrna.kz Telegram

Батысқазақстандық 98 жастағы ҰОС соғысы ардагері Вениамин Скаленко референдумда өз дауысын берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

В.Скаленко соғыста Прага, Будапешт, Вена, Бруно қалаларын азат етуге айрықша үлес қосқан. Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған ардагерімізге №447 сайлау учаскесінің өкілдері үйіне барып, қарияның конституцияға сәйкесреферендумда дауыс беру құқығын іске асырды.

В.Скаленконың айтуынша,  елдегі болар оң өзгерістер Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді, бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жас ұрпақ үшін жасалып жатырған қадамдарды ол да қолдайды.

Ақжайықтық Сәлима Әбуова жасы 90-нанасса да, еліміздің тағдырын анықтайтын маңызды күні үйде қалмай, ұл-келін, немерелерімен бірге учаскеге келді. «Елсіз, мемлекетсіз халық болмайды. Іргеміздің бүтін, аспанымыздың ашық болуы бірлігіміздің арқасында. Еліміздің болашағы әр адамның таңдауына байланысты. Сондықтан менің пікірім де маңызды», – дейді қарт ана.

Шыңғырлаулық қарттарымыздың бірі, 92 жастағы тыл еңбеккері М.Н.Крицков сайлаушы ретінде өз дауысын берді. Зейнет жасына дейін өмір бойы механизатор болып қызмет атқарған М.Н.Крицков Референдум өткізілуі жөнінде шақыру қағаздарын апарған жастарға өзі барып дауыс беретінін айтқан.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер