Референдумға тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат қатыса алады

6121
Adyrna.kz Telegram
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

Референдумға тергеу изоляторларындағы бес мыңнан астам адам қатыса алады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мәлімдеді,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын үкімі заңды күшіне енбеген азаматтар белсенді сайлау құқығына ие. Мәселен, 16 тергеу изоляторында олардың орналасқан жері бойынша жабық учаскелер құрылған.

«Сайлау процесі өтіп жатқан үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілді. Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беруге республиканың тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат қатыса алады», – деді ведомстводан.

Тергеу оқшаулағышында орналасқан азаматтар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы алдын ала хабардар етілген.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер