1 тамыз күні Абай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан тағы да өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, өртенген аумақ – 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га. «Семей Орманы» МОТР операторынан орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 га аумақта оқшауланды», - деп жазды ТЖМ. Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД-дан 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, «Қазавиаорманқорғау» АҚ МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды. «Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталуда, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында», - делінген ақпаратта. Жалын түнде ауыздықталды. Еске саласақ, былтыр Абай облысындағы алапат өрт кезінде 14 адам қаза тапқан болатын.Ұқсас жаңалықтар
Президент Әлихан Смайылов, Юрий Ильин және Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады