Қазақстан мұғалімдері көктемгі демалыс кезінде мектепке баруға рұқсат жоқ, мектепке бармайтын болды. 16 наурыз және 5 сәуір аралығында мұғалімдерге үйде жұмыс істеу міндеттелді.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
" Өздеріңіз білесіздер, демалыс кезінде мұғалімдер жұмысқа барады, әдістемелік жұмыспен айналысады. Біз осы жолы каникул кезінде мұғалім үйде қалып, әдістемелік, дайындық жұмыстарын үйде орындай алады деген шешім қабылдадық", - деді министр.
Оның айтуынша, мұғалімдердің жалақысы сақталады.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықты таңдаған үздік, көзі жанып тұрған жастар QyzPU-ға түсіп жатыр