Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығына ерекше мән берілгенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ата Заңда неке мен отбасы ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің маңызды қадамы. Жаңа редакцияда неке, отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында екені нақты көрсетілген.
– Бұл отбасы тек әлеуметтік институт қана емес, сонымен қатар мемлекет қорғауындағы маңызды құндылық екенін білдіреді, – деді ол.
Сондай-ақ саясаткердің сөзінше, отбасына қатысты кез келген заң мен шешім қабылданарда ең алдымен отбасы мүддесі ескеріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
