Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 маусымда өтетін референдумға қатысты қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Бұрын-соңды болмаған геостратегиялық белгісіздік пен еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешу қажеттілігі жағдайында біз бірлігіміз бен ынтымағымызбен берік болуымыз керек. Шынайы демократия әрбір азаматтың ортақ іске белсенді және сындарлы қатысуын болжайды. Жаңа түзетулерге дауыс бере отырып, сіз сыбайлас жемқорлыққа, непотизмге, саясат пен экономикадағы монополияға үзілді-кесілді «Жоқ» дейсіз.
Мен сіздерді, құрметті жерлестер, Қазақстанның даму векторын айқындайтын тарихи таңдауыңызды жасауға шақырамын. Сіздердің әрқайсысыңыз біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлігісіздер және бүкіл халықтың болашағына, демек, өз тағдырларыңызға әсер ете аласыздар. Отанның тағдыры сіздерге байланысты», - деді Тоқаев.
”Адырна” ұлттық порталы
Этнос арасындағы келісімді дамытуға сіңірген еңбегі үшін. Тоқаев бірқатар қазақстандықты марапаттады
ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады.
