«Актерде кейіпкерге сай энергия болуы керек». «Әбіл» неге жүлде алды?

1125
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31 Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінде (Франция) үш бірдей жүлдені жеңіп алды. Кинотуынды Jury Grand Prize (Қазылар алқасының бас жүлдесі), Critical Jury Prize (Киносыншылар алқасының жүлдесі) және NETPAC Jury Prize (NETPAC қазылар алқасының жүлдесі) марапаттарына ие болды. Режиссерден осы жұмыстың мән-жайын білдік. 

Кинотуынды 90 жылдары Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтарды суреттейді. Фильмде сол кезеңдегі мал-мүліктің жаппай бөліске түсуі, қоғамдағы әділетсіздік пен жемқорлықтың өршуі, қарапайым халықтың тағдыры, әлеуметтік теңсіздік пен рухани дағдарыс тақырыптары қозғалған. Сондай-ақ, кеңестік жүйе кезінде адам өмірінің құнсыздануы, социализмнен капитализмге өту кезіндегі екіұдай сезімдер және қазақ халқының өз жерінде дискриминацияға ұшырауы көрініс табады. Режиссер Елзат Ескендірмен сұхбаттасып, киноның тағдырын сұрадық.

- «Әбіл» фильмінің жетістіктерімен құттықтаймыз! Туынды Францияда үш бірдей бәйгені жеңген екен. Шетелдік аудитория қазақстандық фильмді қалай қабылдады?

- Рақмет! Жалпы кинода әлемдік, халықаралық, континенталдық, жергілікті премьера болып бөлінеді. Біздің фильмнің әлемдік премьерасы Пусанда өткен. Еуропалық премьера 48-халықаралық Готеборг кинофестивалінде өтсе (Швеция), Францияда Везуль Азия киносының халықаралық кинофестивалінің аясында өткен  премьера француз премьерасы болып саналады. Біз жаңа жылдан кейін екі фестивальге қатысып келдік.

Шыны керек, екі аудитория да (Швеция мен Франция) фильмді өте жақсы қабылдады. Себебі, еуропада кно мамандары ғана емес, жалпы халық өнерді өте жоғары бағалайынын, оны рухани өмірдің көзі ретінде санайтынын өз көзіммен көріп, көңіліммен түйсініп қайттым. Халықтың өнерге деген құлшынысы өте жоғары. Сапалы, салиқалы, ойлы өнерді жоғары бағалай біледі. Осы фестивальдерге сол қаланың тұрғындары ғана емес, сол елдердің түкпір-түкпірінен көрермендер арнайы уақыттарын бөліп келіп, бірнеше күнге қонақ үй жалдап жатып, күнделікті сеанстарға билет сатып алып, көрсетілген фильмдерді өте мұқият көреді. Мұндай фестиваль біздің елдегі кей жағдайлар сияқты есеп беру үшін, жылға жоспарланған қаржыны игеру есебі үшін ғана емес қой. Мұндай шараларғ жергілікті биліктің, мемлекеттің қатысы арқылы ұйымдастырылады . Швецияда елдің мәдениет министрі келіп, сөз сөйледі.

Францияда да ұйымдастыру формасы өте үлкен. Себебі жан-жақты қолдау болады. Жылдың жаңа фильмдері көрсетіліп жатқаннан кейін әрбір көрсетілімге билеттер жеке-жеке сатылады. Швецияда бізде 4 рет көрсетілім болды.  Оның 2-іне актер Ерлан Төлеутай екеуміз қатысып, көрермен сұрағына жауап бердік. Одан бөлек, 2 рет авторларсыз көрсетілді. Ал Францияда 2 рет көрсетілім өтті. Екеуіне де сұрақ-жауап болды.  Сол кезде де көрермен залы лық толы болды.

Фестиваль аясында өзге де кино, туындылар көрсетіледі. Олар біздің бәсекелестеріңіз ғой. Мен барынша қамтып, өзге залдағы көрсетілімдерді қарадым. Сол сәттерде біздің көрсетілімде болып, мені танып жатқан көрермендердің кейбір фильм жаqында өте жақсы пікір білдіріп, Франция көлемінде прокатқа шығуын сұрап жатты. «Мен оны толық білмеймін, тағдыры фестивальден соң шешіледі» деп жауап бердім. Шетелдік аудиторияның өзі фильмді көрсету керек қой деп жатыр. Қытайдан келген продюсерлер де фильмге қызығушылық танытты.

- Бұл фильмді қазақстандық көрермен қайдан көре алады?

- Нақты айта алмаймын. Бұл – Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы, Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілгендіктен прокатқа шығаруға міндеттіміз. Мен фильмнің күзге қарай шығуына ықыластымын. Бізде авторлық фильмді жазға қойып жатады. Алайда жаз – кино үшін тиімсіз уақыт. 

- Актерлік құрамды қарадық. Басты рөлді Ерлан Төлеутай ойнап шыққан екен. Неліктен «Әбіл» рөліне таңдалды?

- Мен режиссер ретінде рөл таңдағанымда ішкі ойым, ниетім мынандай болды. Сіздің сценарийге сай кейіпкеріңізге таңдайтын актер болмыс-бітімі, ішкі энергиясымен жақын болуы керек. Бұл тұрғыда оның профессионалды не профессионал емес болуы маңызды емес. Ең бастысы актердің кейіпкерге сай энергиясы болуы керек. Мен шын өмірдегі «Әбілді» іздедім. 2015 жылы сценарий жазылды. Мен сол энергиялық тұтастықты Ерлан Төлеутайдан көрдім. Себебі Ерлан Төлеутай – ауылда өскен қазақ. Көп қазақтар ауылдан қалаға келгенде кішкене ауылдық бітімін жоғалтып алып жатады. Орта, қала адамға өз энергиясын сіңіреді. Ал Ерлан Төлеутайда далалық сипат, далалық рең болмысында, мимикасында, бет-әлпетінде, қимыл-қозғалысында сақтап қалған. Мен ол кісіні 2010 жылдан бері танимын. «Қазақфильмде» жұмыс істедік. Сол кезде қасиеттерін байқайтынмын. Бірақ, кейін «Әбілді» жазып, бірнеше уақыттан кейін елестетіп, бір жылдан соң Ерлан Төлеутайдан «Әбілді» көрдім. 

- Өз сөзіңізде айттыңыз, сценарий 2015 жылы жазылған екен. Фильмді «10 жыл бойы дайындалған фильм» деп айта аламыз ба?

- Иә, әрине, енді  сценарий деген сондай нәрсе. Қазір де сценарий  жазып жатырмын, жазылғандары да бар. 5-6 жыл бойы менің үстелімде жазылған сценарийлер бар. Кей сценарий жазыла салып, түсіріледі. Кейбірі он жыл жатып қалады. Әлемде қырық жыл бойы жатып қалған сценарийлер де бар. Мысалы, биыл Фрэнсис Форд Копала «Мегалополис» деген кино шығарды ғой. Ол армандаған фильміне үлкен қаржы салып, өзі түсірді. Сол мысалы, 40 жыл бұрын жоспарланған фильм. Бұл жерде «Әбілдің» тағдыры осындай. Арада 7 жыл өткеннен соң өндіріске жіберілсе, 10 жылдан соң көрерменге жеткелі тұр.

Мен қолдауды өте көп іздедім, уақыт кетті. Сценарий бір жыл жазылса, финанс іздеуге көп уақыт кеткен. Менің шығармашылық жоспарымда бұл фильм 2017 жылы түсіріліп, 2018-2019 жылдары халыққа жетуі керек. Біздегі салмақты, ойлы дүниеге, халықтың әлеуметтік тағдырына бағытталған фильмге қаражат табу қиын. Содан кейін кешігіп, осылай түсірілді. 

- Қазіргі таңда қолдау көрсеткендер кім?

- «Қазақфильм» қолдау көрсетпеген. Ол жерді мен тек студия ретінде пайдаландым. Бұл фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілді. 

- Сұхбатыңызға рахмет!

Сымбат Наухан

«Адырна» ұлттық порталы

PS: Басты рөлде ойнаған Ерлан Төлеутай Facebook желісінде қуанышты жаңалықпен бөлісіп, жазба жариялаған. «Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! Ал қуан, тілеулес болған барша ағайын! Везульден қуанышты хабар, ақжолтай жаңалық! Режиссер Елзат Ескендірдің "Әбіл" фильмі Франция мемлекетінде, ақпанның 11 – 18 аралығында өткен. 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін триумфуальды жеңіспен түйіндеді. Соның айғағындай бірден үш бірдей номинация бойынша мәртебелі марапатқа ие болып, фестиваль жеңімпазы атанды. Халықаралық кинофестивальде негізгі конкурстың басты бәйгелері – үш бас номинацияны қатарынан жеңіп алу –"Әбілдің" көркем фильм ретіндегі әлеуетін көрсетсе керек.Уа, қазағым, осынау кино бәйгеге түрлі кедергілерге тап болып, қаражат тапшылығын көріп, виза бөгесіндерін кешіп, басқа да сан алуан қиындықтармен барғанымызды білесіздер һәм мұның артында кімдер тұрғанынан да хабардарсыздар. Енді осынау тарихи зор жеңіс – осы жолда көрген бейнет пен тозған жүйкенің өтеуі болғандай», - деп сүйіншілеткен. 

Алайда киногер, актер Ерлан Төлеутай желіде 24 ақпан күні қазақ киносының қарашаңырағына айналған «Қазақфильмге» кіре алмаған хабарлады. «Ардақты ағайын! Мына сұмдықты жарияламасқа амалымыз жоқ! Бүгін, біз яғни режиссер Елзат Ескендір екеуміз "Әбілдің" Еуропа төрінде сәтті һәм табысты өткен триумфуальды  премьерасынан кейінгі жеңісін  "Қазақфильм" үжымымен және оның уақытша басшыларымен бөліспекке  киностудияға бардық. Алайда бізді "Қазақфильмге" кіргізбеді. Есік көзіндегі қарауыл бөгеген соң біз ИО Айдар Омаровтың жеке охран бастығына телефон шалып сөйлестік. Ол болса мені ішке кіргізе алмайтынын, өйткені ИО Омаровтан мені кіргізбеу жөнінде бұйрық түскенін жеткізді. 

Шынтуайтында біз "Қазақфильмге" ерігіп бармаған едік. Еуропадан соң "Қазақфильм" басшылығынан хабар күткелі аптаның жүзі болған-ды. Алайда А.Омаров біздей халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарын құттықтамақ түгілі хабарласуды бойына ар санады білем – хабарласпады. Болмаған соң өзіміз бардық. Себебі "Әбіл" мемлекеттік тапсырыспен түсіріілген "Қазақфильмнің" төл туындысы болғандықтан осы фильмнің кей мәселелерін басшылықпен ақылдасқымыз келген еді. Сондай-ақ бір айға созылатын Еуропа сапарына қаржылай қолдау көрсету жөнінде көмек сұраған режиссер Елзат Ескендірдің қаңтар айының 14- і күндері ИО А.Омаровқа жазған хатының тағдырын да білгіміз келген. Өйткені арада 1 ай, 10 күн өтсе де А.Омаровтан еш жауап болмаған еді. Екеуміз осының да жайын білмек болдық. Сондай-ақ "Қазақанимация" ШБ жайын өз көзімен көрмекші едім. Өйткені "Қазақанимация" жөнінде небір суық хабарлар желдей есіп, тарап жатқан еді. Мына видеода айтылғандай бүгін соның анығын білдім: мен Еуропа мемлекеттерінде өнер шашып, мәдени майдан кешіп жүргенімде яғни менің киностудияда жоқ кезімді өздерінің пасық әрекеттерін жүзеге асыруға жымысқылықпен пайдаланған А.Омароа бастаған "Қазақфильмнің" уақытша бастықтары мен ондаған жылдан бері жетекші редактор болып табылатын "Қазақанимация" ШБ Астанаға көшіріп жіберуге астыртын шешім қабылдаған. Астыртын шешім қабылдағаны сол емес пе – "Қазақанимация" басшылығымен және ұжымына айтпаған. Айтпақ түгілі сездірмеген. Әрине, мұның артында Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондағы "қой терісін жамылып", "құпия" кеңесші боп отырған лобби топтардың белсенді өкілдерінің тұрғандығы белгілі. Мақсат айқын: олар Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильмді" осылай  аяусыз әрі алаяқтықпен бөлшектеу арқылы киностудияның түбіне жетіп тынбақ. Өйткені  "Қазақфильмнің" жерін сатпақшы болып жүрген қылмыстық топқа осы "Қазақанимация" ұжымы бірнеше жылдан бері қатты қарсылық көрсетумен келеді. Енді он ойланып, мың толғанған бұл лобби топтар алынбас қамалға айналған Анимация бекінісін алудың амалын тапқандай – ата жаулары "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігін Алматыдан жер аудару арқылы жойып жібермек», - деп назын жеткізген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер