Алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады

2967
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/71bc601f-ec3f-4b9c-ac14-471ac1ac6613.jpeg
Алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап. Келер күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады.
«Ауа-райы, көбінесе жауын-шашынсыз, тек шығыста, ал кезеңнің басында республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді»,- дейді мамандар.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments