Алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады

2785
Adyrna.kz Telegram

Алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Келер күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады.

«Ауа-райы, көбінесе жауын-шашынсыз, тек шығыста, ал кезеңнің басында республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді»,- дейді мамандар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер