Алматыда жол апатынан 39 жастағы әйел қаза тапты

1085
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/346949637279517-960x500.jpeg?token=b3374e23c7ab69229f8dff1e83c980c5
Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан 39 жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, жол апаты бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында Алматының Бостандық ауданында болған. Тoyota маркалы көліктің 20 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Қаратаев көшесімен қиылысқан тұста рөлге ие бола алмай, солтүстік жол жиегіне шығып кетіп, бордюрге соғылған. Нәтижесінде тротуарға шығып кетіп, 39 жастағы жаяу жүргіншіні қаққан. Содан кейін жарнамалық тақтаның тірегіне соғылып, төңкеріліп қалған. Өкінішке қарай, апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Comments