Павлодарда 15 жастағы оқушы 14-қабаттан құлап кетті

1926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/photo_104660.jpeg
Павлодар қаласында 15 жастағы оқушы көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатынан құлап кетті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 қыркүйекте орын алған.
"25 қыркүйекте Павлодар полициясына 18:00 мен 19:00 аралығында Назарбаев даңғылы №50 үйдің 14-қабатынан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткені туралы хабар түсті. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген ресми хабарламада. 
Аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Comments