Тамызда еліміздің 2 облысын құрғақшылық күтіп тұр - Қазгидромет

3491
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/7beed2a3-f370-4a82-92b0-263f3a4f5fa7.jpeg
Қазгидромет тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтілуде»,— делінген хабарламада.
Ал Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтілуде. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.
Comments