Павлодар облысы Башмачное ауылынан шыққан кішкентай қаһарман «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы «Бала жүрегі» номинациясында жеңімпаз болып танылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы azattyq.ryhy сайтына сілтеп.
«Төртінші жыл қатарынан өткен байқау батылдығымен және қамқорлығымен өзгелерге қол ұшын созып, қуантқан мейірбан жандарды анықтап келеді. Дәстүрлі байқау адамгершілікті, мейірімділікті ұлықтайды. Жыл сайын өтіп жатқан бұл байқау еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам қайырымды әрі батыл жандарды анықтайды. Былтыр байқауға 1033 өтінім келіп түсті», - деді байқау жеңімпаздарын марапаттау барысында Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.
“Адырна” ұлттық порталы