Көк бөрі мен көкпардың қандай байланысы бар?

5519
Adyrna.kz Telegram

Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелілер көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналады.

"Көкпар" деген сөз "көк" және "бөрі" деген екі есім сөздің кірігуінен пайда болды, - деген ойды А. Қалиұлы айтып өтеді: "Көкпар тарту - әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы "Дербес бөрі жасақ" дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді", - деп тұжырымдайды.

Көкпар тарту - әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы "Дербес бөрі жасақ" дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді.

Мал баққан көшпелілер көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған.

Ал, академик Ә.Х. Марғұлан: «Сырдария мен Арал бойын мекендеген Сақ тайпалары жылсайын қасқыр тотемінің құрметіне арнап, қатысушылары қасқыр терісін жамылып, маска киетін атты-спорттық мейрам ұйымдастыратын. Бұл дәстүр түрік-моңғол тайпаларында күні бүгінге дейін сақталды. Қазақ, түрікмен, қырғыз елдерінде бұл ойын "көкпар - көк бөрі" деген атаумен сақталған. "Көкпар" атты ойынның қазақ халқындағы бір варианты "Қыз бөрі" - қасқыр терісі мен қасқыр маскасын киетін дәстүрлі сақ ойынының модификациясы болып табылады»- деп ойынға ғұрыптық мән береді.


 

silteme.kz

Пікірлер