Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Лондонда тойланды

1787
Adyrna.kz Telegram

Лондонда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы сән-салтанатымен аталып өтілді. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі ұйымдастырған шараға жергілікті саяси, экономикалық және мәдени истеблишменттің өкілдері, журналистер, шетелдік дипломаттар және қазақ диаспорасы қатысып, қуанышқа ортақтасты.

1991 жылы Қазақстан туралы Ұлыбританияда көп адам біле бермейтін. Ел егемендігін алғаннан кейін тура бір ай өткен соң екі ел арасында дипломатиялық әріптестік орнатылды. Бүгінде Біріккен Корольдік Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. 30 жыл ішінде көптеген салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастар орнатылып, олар жаңа сапалық деңгейге көтерілді.

Мерекелік шара барысында қонақтарға, сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен Қазақстан-Британ қатынастары дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Қазақстанның Біріккен Корольдіктегі елшісі Ерлан Ыдырысов тарихи өлшем бойынша қысқа уақыт ішінде мемлекетіміздің Орталық Азияның ірі экономикасына айнала алғанын атап өтті. Кешке Ұлыбританияның Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Венди Мортон арнайы келіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

«Үш онжылдық көлемінде дипломатиялық әріптестігіміз нығайып келеді. Сіздер тауарлар мен қызметтер саудасының көлемі жылына шамамен 1,4 миллиард стерлинг фунт болатын Орталық Азиядағы біздің ірі серіктесімізсіздер. Сонымен қатар Қазақстан Ұлыбританияның климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі негізгі жаһандық әріптестерінің бірі», - дейді министр.

 

Пікірлер