Қазақстанда ірі қара мал басы азаюда

3579
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық статистика бюросы ағымдағы жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығындағы ірі қара мал басының азаюы туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 8112,8 мың басты құрады, оның ішінде 4300,2 мың сиыр болды. Ал 2021 жылдың 1 қарашасына 8368,3 мың бас ірі қара мал болған.

2021 жылдың 1 желтоқсанына жылқы саны 3256,1 мың бастан (2021 жылғы 1 қарашада – 3331,1 мың бас), түйе – 239,8 мың басқа (242,5 мың бас), қой – 18, 8 млн басқа (19,5 млн. бас) азайды, ешкі – 2353,0 мың бас (2446 мың бас), шошқа – 902,6 мың бас (937,2 мың бас) және құс 50,2 млн басқа (50,4 млн бас) азайып отыр.

2021 жылдың 1 желтоқсанына шаруа қожалықтарының барлық санаттары бойынша өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда жылқы 10,2%-ға, ірі қара мал – 5%-ға, түйе – 4,6%-ға, қой – 3%-ға, ешкі – 3%-ға өсті. 0,2%-ға, құс еті 10,9%-ға, шошқа саны 1,2%-ға азайды.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ірі қара малдың 51,5%-ы үй шаруашылығында; 38,8% – шаруа немесе фермер қожалықтарында және жеке кәсіпкерлерде; 9,7% – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында; қой бойынша – тиісінше 48,9%, 45,3% және 5,8%; ешкі – 64,6%, 34,4% және 1%; шошқа – 59,6%, 11,4% және 29%; құс – 27,7%, 1,4% және 70,9% болған.

2021 жылғы қаңтар-қарашада шаруа қожалықтарында сою немесе мал мен құстың барлық түрлерін союға сату көлемі тірі салмақта 1 830,4 мың тонна болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық, тиісінше сиыр сүтін өндіру  – 5817,3 мың тонна, яғни 3,2%  құрады. Тауық жұмыртқасын өндіру 6,2%-ға төмендеп, 4408,4 млн. дана болды.

11 айда мал шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2 737,9 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,8 пайызға артты.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер