Шымкенттегі №1 арнаулы орталық көпфункционалды кереуеттермен толықты

989
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттегі №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы көмекке мұқтаж, жасы он сегізден асқан, I - II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектелі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда орталықта 220-дан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Бүгінде орталық көпфункционалды кереуеттер арнайы құралдармен қамтылды. Бұл жаңадан сатып алынған медициналық кереуеттер жылжытуға ыңғайлы болу үшін аяқтары дөңгелек тежеумен жабдықталған.

Ал көпфункционалды кереуеттің басты ерекшеліктері – науқастың ыңғайлылығы мен жайлылығы, тазалау мен дезинфекциялау жұмыстарының оңтайландырылуында. Төсекті тазалау, дезинфекциялау үшін палатаның ішіне еш қиындықсыз жылжытуға болады. Сонымен қатар, төсекте пациенттерге күтім жасауға арналған аксессуарлардың үлкен таңдауы бар.

Айта кету керек, барлық талаптарға сай 110 орындық жаңа ғимарат 2017 жылы қолдануға берілді. Онда галерея, 2 психологиялық көмек көрсету кабинеті, дефектолог кабинеті, дәрігерлер, акушер-гинекологиялық кабинет, стоматологиялық кабинет, жаңа заманауи техникалармен жабдықталған 3 медициналық бекет, 96 орындық асхана, 2 тренажерлық зал, ыңғайлы пандус қойылып, қолайлы жағдайлар жасалынған.

Пікірлер